Сот қызметкерлері сенбілікте...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Наурыз – жыл басы. Қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ.

Қыстың қыспағынан құтылып, арқа-бас кеңейетін, мейрам-шаттыққа кенелетін осынау жайдарман мейрамға орай жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.

Қызылорда облыстық, қалалық, №2 қалалық, әкімшілік, экономикалық және қылмыстық  соттарының қызметкерлері  ағымдағы жылдың 19 наурызында өткен  жалпыхалықтық сенбілікке қатысып, сот  ғимаратының ауласына тазалау жұмыстарын жүргізді.

Әрбір адам айналадағы ортаны жақсарта түсуге, туған өлкемізді көгалдандырып, барынша таза ұстауға қолынан келгенше үлесін қосуы тиіс.

Әділдікті ту еткен  сот  билігі сенбілікке  қашан да зор ынтамен қатысып, қаламыздың жылдан-жылға көркеюіне үлесін қосып келеді.

Сенбілікке  шыққан  сот   қызметкерлері сот аумағының тазалануына  белсене ат салысып, көшелермен қатар, арықтарды жапырақ пен қоқыстардан тазартып, қалдық заттарды шығарумен айналысты.

Дәл осындай сенбілік аудандық соттарда да өткізілді. 

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі