Сот қарыз ақшаны өндіру туралы арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер «Э» еншілес жаупкершілігі шектеулі серіктестігі  жауапкер «Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 941 987 теңге қарызды  өңдіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарынан анықталғандай, талапкер мен жауапкер тұрмыстық емес тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтау туралы келісім шарт жасасқан. Шарттың 2-тармағына сәйкес, жеткізуші тұтынушыға электр беруші ұйымның қосылған желісі арқылы электр энергиясын беруге, ал тұтынушы шартқа сәйкес тәртіпте және шарттарда қабылданған электр энергиясына ақы төлеуге міндеттенеді.

Алайда, жауапкер шарт бойынша өз міндеттемесін бүгінгі күнге дейін орындамаған.

ҚР АК-нің 272-273 баптарына сәйкес, міндеттеме - міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

Бірінші саты соты, тараптардың түсініктерін тыңдап, дәлелдемелерді зерттеп, талапты қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі