«Сот кабинеті» функционалымен жұмыс жасау тәртібі түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотының бас маманы Ж.Жаналиева Қызылорда қоғамдық теледидарының тілшілеріне «Сот кабинеті» функционалын пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының порталында «Сот кабинеті» функционалы қолданысқа енгізілгендігі, аталған жүйе бойынша тез, жұмыс орныныңнан шықпай-ақ сот орагандарына құжаттар, талап қою арыздарын, басқа да өтінімдер беруге болатындығы атап көрсетілді.

Жүйемен жұмыс жасау соттарға тапсырылған құжаттар мен істерді тіркеу, қарау, орындау және басқа да процессуалдық, құжаттамалық іс жүргізу мерзімдерінің сақталуын бақылауға мүмкіндік береді. Функционалдың судьялар жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз етіп, адами факторды бақылауға оны болдырмауға бағытталғандығы, халықтың сот арқылы қорғануына мүмкіндігін жеңілдететіндігі және қол жетімді ететіндігі айтылды. Сондай-ақ, талап арыз немесе басқа да құжаттарды тапсыру тәртібі нақты көрсетіліп берілді.

Аталған жүйе жұмыс уақытысын үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі және өте тиімді екендігі атап көрсетілді.

Бұл іс-шара соттың БАҚ келісімді жұмыс жасауының мысалы болып табылады.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі