Сот халықаралық шарт нормаларын қолданды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613 бабы 7 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы А. 09.09.2016 жылы Ресей Федерациясының №26 Әскери гарнизондық сотының қаулысымен алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 1 жыл 6 айға көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, қайтадан автокөлік басқарып, ішкі істер органының қызметкерлерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін мойындап берген жауабында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығын және спирттік ішімдік ішкендіктен белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы полиция қызметкерлерінің талабын орындамағанын көрсетті.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсан N 32-ІІ Заңымен және Ресей Федерациясының  22 шілде 2008 жылғы  N 134-ФЗ  федералық заңымен бекітілген «Жол қозғалысы ережелерін әкімшілік бұзу туралы істер жөніндегі шешімдерді өзара тану және орындау туралы» Конвенцияның 5-бабына сәйкес,  құқық бұзушылық болған жердегi Келiсушi Тараптың жол қозғалысы ережелерiнiң әкiмшiлiк бұзылғандығы туралы iстер бойынша материалдарының құқық бұзушы тұратын Келiсушi Тарапта да дәл сондай заң күшi бар және олардың ресмилендiрiлуi талап етiлмейдi.

Сондықтан сот, А-ны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613 бабының 7 бөлігінде  көрсетілген құқық бұзушылық жасады деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.  

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі