Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен тәртіптің сақталуы туралы дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрағасы М.Ибрашевтың басшылығымен сот қызметкерлері және «Мамандандырылған күзет қызметі» ММ-нің Қызылорда облысы бойынша полиция қызметкері қатысуымен «Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен тәртіптің сақталуы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шарада сот төрағасы М.Ибрашев сот ғимаратында сыбайлас жемқорлықты және басқа да келеңсіз жағдайларды болдырмауда бүгінгі шараның маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, күзет қызметіндегі қызметкерлермен сотқа келушілердің Рұқсатнама режимі ережелерін сақтауды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті.

Сот төрағасы М.Ибрашев сыбайлас жемқорлықты болдырмай оның алдын алу мақсатында,  сот қызметкерлеріне әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауды, келеңсіз жағдайларға жол бермеуді және бөгде адамдармен процессуалдық емес қатынастарға бармауды тапсырды.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі