Сот актісін орындамаған үшін әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Д-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 669 бабымен әкімшілік іс қаралды.

Жауапкер Д-дан талапкер А-ның пайдасына табысының ¼ бөлігі мөлшерінде ай сайын алимент өндіру туралы сот бұйрығы қабылданған. Алайда Д. аталған сот актісін орындамауына байланысты, Қызылорда облысы бойынша әділет департаментінің «Қызылорда қаласының әкімшілік айыппұл өндіру бойынша аумақтық бөлімінің» мемлекеттік сот орындаушысымен, соңғыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, негізінен қарап, шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Құқық бұзушы Д. ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен кінәлі деп танылып, оған 10 /он/ АЕК көлемінде 15883 /он бес мың сегіз жүз сексен үш/ теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі