Сот ақтау үкімін шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігімен азамат Қ.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Сотта азаматша Г. ауруханада қызметкерлердің көзінше былапыт сөздермен балағаттап, абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітіп, қорлағанын көрсетіп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Сот отырысында сотталушының, жекеше айыптаушының, куәның жауаптары сараланып, іс материалдарында жиналған дәлелдемелерді зерделеп, сотталушы Қ-ның кінәсі өз дәлелдерін таппады.

Сот үкімімен сотталушы Қ-ның әрекетінде ҚР ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты ақталды.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі