Шиелі аудандық сотында жаңа судьялық әдеп кодексі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында судьялардың қатысуымен  Қазақстан  Республикасы судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған  жаңа судьялық  әдеп  кодексі   талқыланды.

Аудандық сот төрағасы М.Еркінбеков 2016 жылдың 21 қарашасында Астана  қаласында Қазақстан Республикасы  Судьяларының  кезектен  тыс VII съезді өткенін, онда судьялар әдебінің жаңа кодексі қабылданып, сот төрелігін  дамытудың бағыттары  айқындалғандығын айтып өтті.  Судья заң   үстемдігін және сот органдарының  тәуелсіздігі  қағидаттарын қорғауға және жүзеге  асыратындығы, судья сот билігінің беделін түсіруден, сот  төрелігінің тәуелсіздігі  мен  объективтілігіне негізді күмәннің туындауына әкеп соғуы мүмкін кез келген іс-әрекеттерден аулақ болуы, жалпы қабылданған адамгершілік пен мораль қағидаттарын, сондай-ақ сот төрелігін іске асыру мен судьялардың жүріп-тұру саласындағы  халықаралық стандарттарды ұстануға тиіс екендігін және т.б. талаптары  талқыланды.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі