Шиелі аудандық сотында «Әйелдердің құқықтарының бұзылуымен күресудің жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында «Әйелдердің құқықтарының бұзылуымен күресудің жолдары»  тақырыбында  семинар-тренинг  өтті.

Шараға аудандық сот судьялары, аудандық ішкі істер бөлімінің әйелдерге қарсы зорлық көрсету фактісімен күрес жүргізу тобының аға инспекторы, адвокаттар және сот  қызметкерлері, Қазақстан-Қызылорда телеарнасының тілшісі қатысты.

Іс-шара барысында «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенция» талаптары, Қазақстандағы гендерлік саясаттың дамуы туралы айтылды. Сонымен қатар, әйелдер құқықтарының бұзылуына қатысты сотта қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер туралы әңгіме қозғалып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтарға қарсы шаралар қарастырылды.

Қатысушылар өз ойларымен толық бөлісіп, қоғамдағы зорлық-зомбылық  тудыратын  мәселелерді  жан жақты талқылады.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі