Шиелі аудандық сотында «Мемлекеттік тілді қолдану және дамыту» тақырыбында дөнгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында «Мемлекеттік тілді қолдану және дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған бас қосуға Шиелі аудандық соты кызметкерлері, аудандық банк филиалының қызметкерлері, «Қазпочта» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ-ның өкілдері қатысты.

Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі М.Жусупбекова баяндама жасап, онда әрбір мемлекеттік органның қызметкері Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекеттік тілдің дамуына және қолданыстағы рөлінің артуына белсенді қызмет ету маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік тіл саясаты жалпы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде мүлтіксіз орындалуын әрбір ұйым, мекеме басты назарға алып, мемлекеттік органдар мен халыққа қызмет көрсететін мекемелердің белсенділігі мен көпшілік қауымның дұрыс көзқарасына тікелей байланысты екенін, сотта іс жүргізу тілі сотқа түскен арыздардың қай тілде түскеніне байланысты белгіленетіні жөнінде әңгімеледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өткізілген іс шара бойынша пікірлерін білдіріп, осы бағытта шараларды жиі өткізіп отыру жөніндегі ниеттерін жеткізді. 

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі