Шиелі аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында «Өскен өңір» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың судьясы А.Жолдыбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотталушы Е-ге қатысты қылмыстық іс бойынша ақпарат берді.

Сотталушы Е. алдыңғы іс-әрекеттерінен тиісті нәтиже шығармай өзінің көлік құралын басқару құқығынан айрылғанын біле тұра, Шиелі кенті  «Шымкент-Самара» тас жолының бойында алкогольдік масаң күйде күйінде көлік басқарған.

Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен сотталушы  Е. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 90 760 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Брифинг соңында баспасөз өкілі тараптарынан қылмыстық іс бойынша сауалдар қойылып, сауалдарына нақты жауаптар алынды.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі