Семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында «Іc қағаздарын жүргізу ережесіндегі сот істері мен құжаттарды беру тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Шара барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы «5» наурыздағы №6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесінің, аудандық соттарда ic қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейтінін айтып өтіп, осы ережедегі негізгі ұғымдар туралы және құжат айналымын қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар жөнінде толығырақ айтып берді. 

Аудандық соттың бас маманы А.Сершеева баяндама жасап, іc қағаздарын жүргізу ережесінде көзделген сот істері мен құжаттарды беру тәртібін түсіндіріп өтті.

Бұдан соң, сот қызметкерлерімен туындаған сұрақтар талқыланып, өзара пікірлер алмасты.

Шара соңында, аталмыш ереженің күнделікті жұмыс барысында басшылыққа алынатын құжат екендігі атап өтілді.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі