Рақымшылық актісі қолданылып, жазадан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында онша ауыр емес санаттағы қылмыс жасаған сотталушы Н-ны Рақымшылық жасау туралы Заңының 2 бабының 1 бөлігінің талабына сәйкес жазадан босатуды сұраған «Арал аудандық пробация қызметі» ММ-нің ұсынысы қаралды.

 Рақымшылық жасау туралы Заңның 2-бабының 1-бөлігінде, қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдардың жазадан босатылатыны көзделген.

Сот ұсынысты қарап және сотталғанның өзіне қатысты рақымшылық жасауға қарсы емес екендігі жөнінде пікірін ескере отырып, ҚР ҚК-нің 78 бабының 2 бөлігінің және Рақымшылық жасау туралы Заңының 2 бабының 1 бөлігінің негізінде сотталушыны сот үкімімен тағайындалған жазадан босатты.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі