Іс өндірістен тоқтатылып, құқық бұзушы жауаптылықтан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 596 бабының 3 бөлігімен  әкімшілік іс қаралды.

Азамат Ж. өзінің басқаруындағы автокөлігімен Байтұрсынов көшесінің бойында жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытқа жүруге арналған жағына шығып басқарып, ҚР Жол жүрісі Қағидасының 9 бөлімінің 2 тармағының талаптарын сақтамай, құқық бұзушылықты жасағаны үшін полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы хаттамасы толтырылып, сотқа негізінен қарап, шешім қабылдау үшін жолданған.

Алайда, істі қарау барысында сот, құқық бұзушы Ж. оқиға болған күні Қызылорда қаласында болмағанын, автокөлікті оның інісі Н. басқарғанын, полиция қызметкері құқық бұзушының түнгі мезгіл болғандықтан жеке басын дұрыс анықтай алмай хаттама толтырғанын анықтады.

Сот әкімшілік істі құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатып,  Ж.-ны  әкімшілік жауаптылықтан босатты.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі