Облыстық соттың алқа төрағасы Қызылорда қалалық сотының жаңа төрағасын ұжымға таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Бүгін облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 14 маусымындағы №499 Жарлығымен тағайындалған Қызылорда қалалық сотының төрағасы Еркінбеков Мұхтар Жүсіпбекұлын ұжымға салтанатты түрде таныстырды.

Жаңа сот төрағасын ұжымға таныстыру барысында Бақытжан Қалымбет: «Мұхтар Жүсіпбекұлы сот әділдігін жүзеге асыру барысында өзінің білімін тәжірибеде қолдана білетін білікті судья. Ұйымдастыру және іскерлік қабілеті жоғары», - деп атап өтті.

Алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет сот төрағасы Еркінбеков Мұхтар Жүсіпбекұлын құттықтап, алдағы уақыттарда қызметіне табыс және сәттілік тіледі.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар