Қызылордалық әйел емханадан 1 500 000 миллион теңге моральдық зиян өндіріп алды
Қызылорда қаласының тұрғыны түнде сырқаттануына байланысты үйіне жедел жәрдем шақырған.
Шақыру бойынша қалалық емхананың медициналық жедел жәрдем тобы келіп, мейірбике ауырсынуды басатын «кетотоп» дәрісін әйелдің сол жақ жамбасының бұлшық етіне салған.
Жедел жәрдем тобы кеткеннен кейін, әйел орнынан тұра алмай, аяғы жансызданып қалған. Ауруы асқынып, жүре алмай қалған соң, емханаға қаралған. Дәрігерлер әйелге «иньекциядан кейінгі жүйке нейропатиясы» диагнозын қойып, емдеу шараларын жүргізу керектігін ұсынған.