Облыстық сотта баспасөз конференциясы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

       Бүгін, 2014 жылдың 11 сәуірінде Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қызылорда облысы соттарының 2014 жылдың 1 тоқсанында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары бойынша баспасөз-конференциясы болып өтті.

        Баспасөз конференциясына облыстық сот төрағасы Нұрлан Қайырбеков, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов, облыстық соттың баспасөз хатшысы А.Смағамбетова және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

         Баспасөз мәслихатында азаматтық және әкімшілік істер мен қылмыстық істер жөніндегі сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ақпарат берілді.

        Мәселен, азаматтық істер бойынша облыс бойынша шығарылған сот актілерінің 94,5 пайызы іс жүргізу және материалдық заң талаптарына сәйкес келеді. Өндіріске түскен арыздардың санының өсуі сот билігінің қолжетімділігін және сот актілерінің заңды әрі негізді қабылдануы халықтың сотқа деген сенімінің жылдан жылға артып келетінін көрсетіп отыр.

          Журналисттер тарапынан сұрақтар қойылып, жиын барысында соттарда қаралған қоғамдық пікір тудырған істер төңірегінде де быраз мәселелер көтерілді. Соның ішінде Қызылорда қалалық сотында қаралған қоғамдық пікір тудырған облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырыс беруімен мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз болған мердігер «Бушра» ЖШС-нің Қызылорда қаласы Саламатов көшесіндегі аспалы көпір өткелінің құрылыс жұмыстары кезінде мемлекет қаржысын ірі мөлшерде талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық ісі жайлы айтылып өтті. Бұнан өзге жуырда ғана Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған өте ірі мөлшерде (10 кг 070 грамм) есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтаған Қырғызстан Республикасының азаматына қатысты іс төңірегінде де әңгіме өрбіді.

         Сот әділдігін жүзеге асырудың жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жасайтын Қызылорда облыстық соты сайтының электрондық мекен-жайы kzl.sud.kz болып өзгергені жайлы да сөз етілді. Бұл сайт арқылы көпшілік өздеріне қажетті барлық мәліметтерді, оның ішінде Қызылорда облысының аудандық және оған теңестірілген соттарының сайттары парақшаларын, қаралатын істердің тізімдерін, соттардағы соңғы жаңалықтарды осы жерден оқи алады.

          Сотқа жүгінген тұлғалардың бұзылған құқықтарының дер кезінде қорғалуын қамтамасыз ету – соттың басты міндеті болып табылады.

 

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі