Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан бұл күн - береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтеді. Халқымыз көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың  бастауы, ырыc  пен берекенің арқауы деп бағалаған.

Сіздерге Әз Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын.

Ақ мол, жыл ырысты болсын!

Қайнар: 
Ізгі ниетпен, Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы А.Жұмамұратов