Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер «Қ» мемлекеттік мекемесі сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «Б» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2016 жылдың 10 қазанында электронды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама бойынша және лотқа сәйкес, жауапкер «Б» ЖК-і «сынып журналдар» тауарын, яғни жалпы соммасы 281 010 теңгеге жеңімпаз болып танылып, 2016 жылдың 11 қазанында мемлекеттік сатып алу шартын жасап, жауапкер (өнім беруші) келісім шартқа электрондық түрде қол қойып, жоғарыда аталған тауарды тапсырыс берушінің өтінімі бойынша 04.11.2016 жылға дейін жеткізуге міндеттенген.

Алайда, жауапкер шарт бойынша өз міндеттемесін бүгінгі күнге дейін орындамаған.

ҚР АҚ-нің 272-273 баптарына сайкес, міндеттеме - міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағының 3)-тармақшасына сай, өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Бірінші саты соты тараптардың түсініктерін тыңдап, дәлелдемелерді зерттеп, талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі