Медиаторлардың қатысуымен семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жуырда, Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қолданылу аясын кеңейту мақсатында кәсіпқой, кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен семинар өткізілді.

Семинарда сот төрағасы Е.Тұрбаев заңға байланысты түсіндірме беріп, медиация дау-дамайлардың тез әрі тиімді, оңтайлы шешілуіне, тараптардың материалдық шығынының азаюына, адамның моральды түрде шаршамауына, сонымен қатар жанжалдасушы тараптардың келешек өмірлерінде бір-бірлеріне деген кек сақтамауына, кемсітпеуіне, бір-біріне кешірім жасауына, адамдардың адамгершілік қасиеттерін арттыруға зор ықпалын тигізетінін жеткізді.

Сондай-ақ, екі тарапты ортақ келісімге келтіру дегеннің жай-жапсарына тоқталды.

Кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев «Медиация туралы» заңның тиімді, пайдалы жақтарына тоқталып, медиацияның артықшылығы тараптардың бірігіп шешім қабылдауымен құнды екенін, медиация үдерісінде жеңілуші мен жеңуші болмайтынын айтып, медиация туралы келісімге сәйкес қысқартылған істер жөнінде әңгімелеп өтті.

Бұдан кейін сот төрағасы медиаторлардың заңды жүзеге асыруға бағытталған сұрақтарына жауап берді.

Семинар соңында медиаторлар бітістірушілік тәжі­ри­бесі қазақ елінің тарихын­да бұрыңғы заманнан бар екенін, бітімге келтіру, татуластыру сияқты жағдайларды күнделікті өмірде кездестіріп жүргендерін, сондықтан  медиацияның өздеріне жат емес екенін білдірді.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі