Медиатордың қатысуымен қылмыстық іс қысқарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 177 бабының 1 бөлігімен (алаяқтық) айыпталған Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот мәжілісіне дейін тараптар өзара ымыраласып, медиация келісім шартына қол қойды.

Кәмелетке толмаған сотталушы Д. кәсіптік мектеп лицейдің ауласында,  кәмелетке толмаған жәбірленуші Н.-ны кездестіріп, онымен сол жерде танысып, қолына ұстап тұрған, құны 18 000 теңге тұратын «Самсунг» маркалы ұялы телефонын көріп, алаяқтық жолмен пайда табу ниеті туындаған.

Осыдан соң кәмелетке толмаған Д. алаяқтық, яғни бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу мақсатында кәмелетке толмаған Н.-ға «ұялы телефоныңды берші, суреттерін көрейін» деп сенімге кіріп, ұялы телефонды қолына алдап түсіріп, аталған жерден қашып кетеді.

Ұялы телефонды сол күні, дүкен сатушысы Е.-ге 4000 теңгеге сатып, ақшасын бас пайдасына жаратады. Сөйтіп жәбірленуші Н.-ға 18000 теңгеге мүліктік шығын келтіреді.

Басты сот талқылауында кәмелетке толмаған сотталушы Д. өзіне тағылған айыбын толық мойындап, істеген әрекетіне шын жүректен өкінетінін, келтірген зиянның есесін толтырып, жәбірленушімен медиатор арқылы татуласқанын айтып, соттан істі өндірістен қысқартуын сұрады.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында аталған медиация келісім шарты сотпен бекітіліп, азамат Д.-ға қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты ҚК-нің 67-бабының 2 бөлігінің және медиация тәртібінің негізінде өндірістен қысқартылып, азамат Д. қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

 

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі