«Медиация» Заңы аясында татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 2,3 тармақтарымен айыпталған Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Ж. алкогольдік масаң күйінде 2 ай ішінде өндірістік, тұрғын-жайларға заңсыз кіру арқылы бірнеше рет ұрлық жасап, жәбірленушілерге  253 797 теңгеге материалдық шығын келтірген.

Сот талқылау барысында сотталушы мен жәбірленушілер кәсіпқой медиатордың қатысуымен жасалған медиативтік келісімге келіп, қылмыстық істі қысқарту туралы тараптардың өтініштері жазбаша арызбен және медиативтік келісіммен рәсімделді.

Сот қаулысымен азамат Ж., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі