Медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында сотталушы К-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, сотталушы К. жәбірленуші Т-тың ауласындағы байлаулы тұрған алабай тұқымды иттерін көріп, жасырын жымқырып, жәбірленушіге 80 000 теңге мүліктік шығын келтірген.

Сот қаулысымен сотталушы К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-бөлігінің талаптарына сәйкес жәбірленуші Т. медиация тәртібімен татуласуына және келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 3)-тармағымен айыпталған сотталушы К-ге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшін енбеген.      

 

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі