Медиация мәселелері бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында тұрғындардың құқықтық білімін және мәдинетін арттыру мақсатында медиация мәселелері аясында семинар өтті.

Маңызды жиынға Сырдария аудандық сотының судьясы Ж.Жолдасов, аудан прокуроры, аудан әкімдігі және мемлекеттік мекемелердің заңгерлері мен ауылдық округтердің әкімдері шақырылды. 

Кездесуді ашқан аудандық соттың судьясы Ж.Жолдасов  Судьялардың VII съезінде көтерілген мәселелерге кеңінен тоқталды. Баламалы және өзге де дауларды соттан тыс реттеу тәсілдерін дамыту бойынша ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларына мән берді.

Қазіргі күні медиация тәсілімен қаралатын істер санаты көбейген. Атап айтқанда, баланың мүдделеріне қатысты жанжалдар, еңбек даулары, мұрагерлік мәселесі, кондоминимумді басқару, некені бұзу, мүлікті бөлу, қарыз өндіру және сақтандыру жайттары бойынша істердің соңы екі жақтың ортақ мәмілеге келуімен тәмамдалып жатыр.

Сырдария ауданының прокуроры медиация тәртібінде іс жүргізудің артықшылықтарын түсіндірді. Ақша мен уақыт үнемделіп, қорғаушыға кететін шығындар да қажет болмайтындығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар аталған пилоттық жобаны қолдап, оны жүзеге асыруға және халық арасында насихаттауға белсенді түрде ат салысатындарын жеткізді.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі