Мас күйінде автокөлік жүргізгені үшін, қоғамдық жұмыстарға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігімен азамат Ж-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Сотталушы Ж. Арал аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігіне сәйкес көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылған. Алайда, осыған қарамастан, көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра, мас күйінде қайтадан көлік құралын басқарып, жол-полициясы қызметкерлеріне ұсталған.

Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта өзінің айыбын  мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен сотталушы Ж. ҚР ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оны көлік құралын басқару құқығынан 3 (үш) жыл мерзімге айыра отырып, 100 (бір жүз) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі