Мал ұрлаған сотталушыларға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 1,2 тармақтарымен  сотталушылар К-мен С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, сотталушылар К.мен С. 2017 жылы сәуір-шілде аралығында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған.

Басты сот талқылауында сотталушылар К мен С. өз кінәларын мойындады.

Ал, жәбірленушілер сотталушыларға кешірім беретіндіктерін, сотталушылармен медиация тәртібімен татуласқандарын, ешқандай талап тілектері жоқ екендігін айтып, қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 27-бабының талабына сәйкес, жәбірленушілер мен сотталушылар медиация тәртібімен бітімге келді.

Жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласуларына байланысты сотталушы К. мен С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі