Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен  брифинг өткізілді.

Брифинг барысында судья Н.Еламанов қатысушыларға «Мемлекеттік сатып алу заңнамасының» қағидалары мен негізгі талаптарын түсіндірді.

Судья Н.Еламанов статистикалық мәліметтерге тоқталып,  қатысушыларға 2017 жылдың 5 айында  сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 1049 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заң бұзушылығы бойынша 424 арыз түскенін, 367 іс бойынша шешім шығарылғанын, оның ішінде 364 ісі бойынша жозықсыз қатысушы деп тану туралы шешім шығарылғанын атап өтті.

Шара соңында судья Н.Еламанов БАҚ-ның өкілдеріне алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі