Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жаңа төраға тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Абдуллаев Қанатбек Амангелдіұлын ұжымға салтанатты түрде таныстырды.

Жаңа сот төрағасын ұжымға таныстыру барысында Бақытжан Қалымбет: «Канатбек Амангелдіұлы– кәсіби судья, тәжірибелі басшы. Осы уақытқа дейін ол Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы, сондай-ақ, Қармақшы аудандық сотының төрағасы қызметтерін атқарды», - деп атап өтті.

Өз ісінің кәсіби маманы Қанатбек Абдуллаев еліміздің сот жүйесінің беделін арттыруға үлес қосып келеді.

Алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет сот төрағасы Қанатбек Абдуллаев құттықтап, алдағы уақыттарда қызметіне табыс және сәттілік тіледі.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі