Қызылорда облысы соттарының қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьялары арасында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотында қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьяларға арналған семинар өткізілді.

Семинар жұмысына облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Семинарды облыстық соттың судьясы Артур Наримов ашып, шараның мақсаты қылмыстық істерді қараудың сот тәжірибесін зерделеу, ағымдағы жылдың 9 айында орын алған кемшіліктерді анықтау және қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама нормаларын біркелкі қолдануды қалыптастыру болып табылатынын айтып өтті. А.Наримов өз сөзінде бірінші сатыдағы соттардың жеке айыптау шағымдарын қабылдау мәселесін шешу туралы және іс қарау барысында туындаған өзге де мәселелерге тоқталды.

Іс-шара барысында облыстық соттың судьялары Амангелді Қожаниязов, Сәбит Әбдіқанов сөз сөйледі. Баяндамашылар  қосымша жаза тағайындаудың ерекшеліктері мен кассациялық тәртіппен қаралған сот актілеріне жасалған қысқаша талдауларды талқылады.

Семинар соңында қатысушылар қылмыстық процесті жаңғырту және құқық қорғау қызметінің өзге де аспектілерін жетілдіру жөніндегі мәселелер бойынша Заң жобасы аясында өзара пікір алмасты.

Алқа төрағасы өткен шараны қорытындылап, семинар барысында белсенділік танытқандары үшін қатысушыларға алғысын білдірді.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі