Қызылорда облысы соттарында сенбілік өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қызылорда облысының қылмыстық, экономикалық және Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соттарының ұжымы сенбілік өткізді. Сенбілікке сот қызметкерлері атсалыса қатысып,  ғимарат ішін, сот залдарын, кабинеттер мен дәліздерді тазалады. 

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұйымдастырылған сенбілікке сот төрағасы мен сот мамандары қатысты. Шара барысында қызметкерлер сот мәжіліс залын, кеңсе кабинеттерін тазалап, белсенді жұмыс жасады.

Қызылорда қаласының №2 және қалалық соттардың ұжымы сенбілік өткізді. Сенбілік барысында кабинеттер мен сот залдарын тазалап, терезе әйнектерін сүрту жұмыстарын жүргізіп, сенбілікке белсене атсалысты. 

Сот қызметкерлері ауланы қоқыстан тазартып, ағаштарды ақтап, оларды баптап, тазалау жұмыстарын жүргізді.

Тазалау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Қайнар: 
Соттардың баспасөз қызметі