Қызылорда облысы соттары Наурыз мерекесін атап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты  Ғасырлар  қойнауынан  жасампаздық  қуатын  ала келген  Наурыз халықтар  бірлігінің, бейбітшіліктің  символы болып  табылады. Наурыз – ол көктем мейрамы, жыл басы, жаңа өмір бастауы.

2017 жылдың 18 наурызында Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік  сотының  ұжымы Наурыз  мерекесін тойлады.

Салтанатты  жиынға Қызылорда облыстық сотының алқа төрағасы Қ.Адранов қатысып  Наурыз мерекесімен сот ұжымын құтықтап, жылы лебізін білдірді.

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы бірлік пен  ынтымақтастықтың  көктем  мерекесі - Наурызбен   құттықтап, зор денсаулық,   шаңырақтарыңызға  құт-береке  тілейді.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты 

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының қызметкерлері көктем мейрамы Наурызды салтанатты түрде атап өтті.

Шара барысында төраға міндетін атқарушы Қ.Бержанов сот қызметкерлерін құттықтады.  «Бүгінде Наурыз – татулық пен тұрақтылықтың, Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің баянды бірлігі мен жарасымды тірлігінің жарқын көрінісі» - деп  атап өтті.

Шара соңында мерекелік дастархан жайылды.

Қызылорда қалалық соты

Қызылорда қалалық сотында Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс-шараны сот төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекова ашып, сот қызметкерлерін, жарқын Наурыз мейрамымен құттықтады. «Бүгінде Наурыз – татулық пен тұрақтылықтың, Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің баянды бірлігі мен жарасымды тірлігінің жарқын көрінісі. Бұл – Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сарабдал саясатының басты басымдығының, елімізді одан әрі табысты дамытудың және азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың айқын кепілі», - деп  атап өтті.

Судьялар мен сот қызметкерлері сахналандырылған көріністерде қазақ халқының әдет-ғұрыптарын көрсетті, көріністерге ұлттық ас мәзірлері, оның ішінде наурыз көже қоса ұсынылды.

Наурыз мейрамы мерекелік концертке ұласты.

 

Пікірлер мен ұсыныстар