Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің қызметкерлері соттар ғимаратының аумағында сенбілік өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 16 қыркүйек күні Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің қызметкерлері жаппай сенбілікке шықты.

Сот қызметкерлері жыл сайын соттардың аумағын тазартып, көгалдандыру жұмыстарына қатысады.

Сенбілік жоғарғы деңгейде өтті. Сенбілікке шыққан сот қызметкерлері сот аумағының тазалануына белсене ат салысып, көшелермен қатар, арықтарды жапырақ пен қоқыстардан тазартып, қалдық заттарды шығарумен айналысты.

Дәл осындай сенбілік аудандық соттарда да өткізілді. 

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі