Қызылорда қаласының №2 судьясы Д.Алиев Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасының ұйымдастыруымен өткен «дөңгелек үстелге» қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасының ұйымдастыруымен «Жеке айыптау істерін сотқа жолдау» тақырыбында  «дөңгелек  үстел» өтті.

Іс-шараға Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының тергеушілері, анықтаушылары жәнеде учаскелік полиция инспекторлары, Қалалық прокуратураның тергеу бөлімінен,  ҚС жАЕБ-нің қызметкерлері, сонымен қатар,  Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Алиев Думан Икраұлым  қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында судья Д.Алиев баяндама жасап, ҚР ҚПК-нің 408 бабының 2 бөлігінда көзделген, яғни шағымда соттың атауы, қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының сипаттамасы, дәлелдемелері көрсетіле отырып, оның жасалған орны мен уақыты, сотқа істі іс жүргізуге қабылдау туралы өтіну, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам туралы мәліметтер, сотқа шақырылуы қажетті куәлардың тізімі қамтылуға тиіс екендігіне тоқталып өтті.

Іс-шараға қатысушылар талқылау барысында туындаған сұрақтарына жауаптар алып, өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі