Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы А.Сайдуллаев өз өндірісіндегі  қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкіліне брифинг өткізді.

ҚР  ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігімен (ескі редакцияда) сотталушы О. облыстық  денсаулық орталығында бас бухгалтер қызметін атқарып отырып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, бірнеше рет, сыбайласы У-дың көмектесуімен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ірі мөлшерде талан-таражға салу жолымен жымқырып, ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. 

Атап айтқанда, араларында келісім-шарт жасалмаса да тиісті құжаттарсыз ОМО-тың есеп шотынан 2011-2014 жылдар аралығында ЖК «Барахатова Г» -ға  52  572  200  теңге, ЖК «Утебалиева Д» -ның шотына 14 390 000 теңге, ЖК «Искаков Ф»-ның шотына 54 569 700 теңге, ЖК «Умбеталиева А» -ның шотына 20 082 300 теңге  барлығы 108 794 600 теңге көлемінде қаржы аударып, мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірген. Аталған қылмыстық іс бойынша судья А.Сайдуллаев журналист қойған сұрақтарына жауап берді.  

Сот үкімімен сотталушы О. ҚР ҚК–нің 176–бабының 4–бөлігінің б-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға бас  бостандығынан айыруға және материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыруға, ҚК-нің 58-бабының 3,6 тармақтарымен ҚР «Рақымшылық туралы» Заңының 4-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, жазасы түпкілікті, мүлкін тәркілеп, 5 жылға дейінгі  мерзімге материалдық жауапкершілікпен байланысты қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 5 бес жылға бас бостандығынан айыруға жазаланды, жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге белгіленді.

Сотталушы У. ҚР ҚК-нің 28 бабының 5-бөлігімен, 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілей отырып, материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айырыла отырып, 7 жылға  бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге белгіленді.

Брифинг соңында БАҚ өкілі қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдары бойынша нақты жауаптарын алды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі