Қызылорда қаласының №2 соты, қалалық прокуратура және қалалық ішкі істер басқармасы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы Айбек Әбу, қала прокуроры Мұрат Досмағанбетов, қалалық Ішкі істер басқарма бастығының міндетін атқарушы Нұрбол Әбдіразақ азаматтардың мүдделері үшін қылмыстық процесті оңтайландыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы үш жақты Меморандумға қол қойды.

Іс-шараға Қызылорда қаласының № 2 сотының судьялары мен мамандары, қалалық прокуратура, қалалық Ішкі істер бөлімінің  қызметкерлері қатысты.

Меморандумның мақсаты–қылмыстық істердің тергеуін барынша жылдам аяқтап, сотқа жолдау және қысқа мерзімде сотта қаралуын қаматамасыз ету болып табылады.

Шара барысында сот төрағасы А.Әбу қылмыстық іс сотқа түскен сәттен 3 тәуліктен кешіктірмей жалпы немесе қысқартылған тәртіпте басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселенін шешілетінін, қысқартылған тәртіпте 7 тәулік ішінде, қылмыстық теріс қылықтар бойынша істерді 1 тәулік ішінде қаралатынына тоқталып, осы үш жақты жасасқан Меморандум нәтижесінде, сот ісінің айқындылығы мен іс қараудың жеделділігі артып, ұзақ уақыт алатын процедуралар мен құжат айналымы қысқаратындығын жеткізді.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі