Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз коференциясы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың  9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

2017 жылдың  9 айында  4763 әкімшілік іс  келіп түскен, оның ішінде  4637 іс негізінен қаралып, 4218 адамға әкімшілік жаза тағайындалған, 119 адамға қатысты тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылған, 297 әкімшілік іс сот  өндірісінен тоқтатылған болса, оның басым көпшілігі медиция тәртібімен аяқталған.

Жалпы 2017 жылдың үшінші тоқсанында келіп түскен әкімшілік істер саны 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 70 іске яғни 1 % көбейгені байқалады.

Есепті мерзімінде барлық істер аудио-бейне жазба жүйесі арқылы 100% қаралған.

2017 жылдың 9 айында баспасөз қызметтері арқылы 106 мақала жарияланған, 22 телевидение түсірілімі арқылы сұхбаттар берілген, 126 ақпарат веб-сайтқа жарияланған, сондай-ақ қала тұрғындарының қатысуымен ай сайын «Ашық есік күндері» өткізілген.     

Баспасөз конференциясын қорытындылай келе, сот төрағасы  М.Ибрашев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі