Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында Қазақстан РТРК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы телеарнасының журналистерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья К.Ә.Сәдуақасова «Сотқа дейінгі дауларды  (жанжалдарды) реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізуді іске асыру, жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен шешу» тақырыбында түсінік берді.

Іс-шара барысында судья К.Ә.Сәдуақасова пилоттық жобаның мақсаты, жекелеген санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуде азаматтық сот ісін жүргізуді енгізу,  бітімгершілік рәсімдерді қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын азайту, соттан тыс дауды (жандалдарды) реттеуде халықтың мүдделілігін анықтау болып табылатындығын атап  өтті.

Сонымен қатар, өз сөзінде ол медиация жүргізу болып табылатын даулардың  (жанжалдардың)  санатына тоқталып  өтті: баланың мүдделеріне орай  баланың  тұрғылықты   жерін  анықтау   туралы, ата-ананың  баламен араласу тәртібін анықтау  туралы, баланы  басқа  адамдардан   тартып алу туралы, білім  алушылардың  жоғары білім беру   жүйесінің күндізгі оқу  нысаны  бойынша  21 жасқа  дейінгі  кәмелетке толған  балаларды  асырауға  алимент өндіру туралы, сотқа дейінгі  келісім комиссиясына жүгіну тәртібі көзделмеген еңбек даулары, мұрагерлік, көршілердің  арасындағы жер учаскесінің  шекараларын  анықтау,  пәтерді  су басқандығы туралы, пәтерден  шығару  туралы, кондоминиумды   басқару мәселелері бойынша, некені бұзу және  мүлікті бөлу, қарыз келісім шарттары  бойынша және сақтандыру. Пилоттық жобаның қатысушылары болып кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық соттар, азаматтық істер қарайтын аудандық және оларға теңестірілген соттар, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар және медиаторлар болып табылатынын түсіндіріп өтті. 

Брифингте судья өзінің өндірісінде болған азаматтық іс туралы нақты айтып, азаматтық істің қаралуы барысында туындайтын мәселелерге  тоқталды.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі