Қызылорда қалалық сотында азаматтық іс партисипативтік медиация тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында судья Ж.Дербисалиеваның өндірісіндегі талап қоюшы А-ның талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Арыз бойынша талап қоюшы А. жауапкерлер М., үшінші тұлғалар жеке нотариус С. және «Қызылорда қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесінен арадағы материалдық шығынды өндіру туралы талап қойған.

Істі қарау барысында талап қоюшы мен жауапкердің сенім хат негізінде әрекет етуші адвокаттары дауды партисипативтік тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін, сондықтан осы келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Қызылорда қалалық сотының ұйғарымымен талап қоюшы А-ның талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша тараптар арасында жасалған дауды партисипативтік тәртібімен реттеу туралы келісімдері бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі