Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 18 наурызында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов пен судья К.А.Садуақасова қабылдады.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, шараның міндеті сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдері мен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

         Іс-шараға Қызылорда қаласының тұрғындары келіп, өздерін толғаған сұрақтарына жауабын алды.

         Мысалы, қала тұрғыны А. осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуінің атына барлық шарттарын орындап, «Құрылысжинақбанкі» АҚ-нан келісім шарт жасасып, жылдық өсімақысын 8 пайызбен үй алып, банктің айтуы бойынша бір жылдан кейін 4 пайызға түсіреміз дегендерін, алайда, осы күні бұл келісім орындалмай отырғандығын айтып, қандай құқығы бар екендігін сұрап келді.

         Азаматша Б. 2011 жылы жер теліміне қатысты сот шешімі шыққандығын, алайда осы күнге дейін бұл шешім бойынша сот қаулысының орындалмай отырғандығын, одан кейін бұл жер теліміне қатысты басқа сот қаулысы қабылданып, осы жер теліміне қатысты құқығын бекіте алмай отырғандығын айтып, мемлекеттік органның әрекетіне дау айту туралы сотқа арыз бергендігін, ол қаралғанша заңды тіркеу жұмысын жүргізуге ықпал етуді сұрайтындығын айтты.

         Азаматтық істер бойынша заңды өкіл ретінде қатысып жүрген заңгер Р.Наурызбаев пен «Казкоммерцбанк» АҚ ҚФ-ның заңгері С.Жалбыровалар электрондық құжаттарды жолдау тәртібі бойынша түсіндірмелер беруді сұрады.

         Сот төрағасы мен судья келушілерге заң талаптарына сәйкес, түсіндірмелер беріп, қойылған сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауап берілді. 

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі