Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды қалалық соттың төрағасы Мұхтар Еркінбеков қабылдады.

«Ашық есік күніне» «Болашақ» университетінің 2-ші курс студенттері  келіп, сотта жұмыс жасау үшін қандай білім алу қажет екендігін, судья болудың тәртібі қандай екенін сұрады және басқа да сот жүйесіне қатысты сан-қилы сұрақтар қойылды.

Келушіге заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер беріліп, қойылған сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауап берілді.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі