Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот жұмысын ұйымдастыруға байланысты қабылданған өкімге сәйкес, Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекова азаматтарды қабылдау өткізді.

Қабылдау азаматтардың арыз-шағымдарын және басқа да өтінімдерін тыңдау, оларды шешу үшін жедел шара қолдану мақсатында, Қызылорда қалалық сотымен жетісіне екі рет, басқа елді мекендерден келген азаматтар үшін күнделікті жұмыс уақытысында өткізіледі.

Қабылдауға келген қала тұрғыны Ә. Қызылорда қалалық сотында қаралып жатқан азаматтық іс бойынша сұрақтар қойды.

Сот төрағасының міндетін атқарушы судья сұраушыға заң талаптарына  сәйкес, түсіндірме берді.

Сондай-ақ, судья сот өндірісіне қабылдаған азаматтық істің міндетті түрде қаралып, іс қарау барысында судья дәлелдемелерді толық зерттейтіндігі, заң нормаларын басшылыққа ала отырып шешім қабылданатындығы, шешіммен келіспеген жағдайда апелляциялық шағым беру жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі