Қырғыз елінің азаматы 11 жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

         Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өте ірі мөлшерде есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтаған Қырғызстан Республикасының азаматына қатысты айыптау үкімін шығарды.

         Полицияға түскен хабарлама негізінде тергеу амалдары жүргізіліп,   қырғыз елінің азаматы ұсталды. Оны тінту кезінде оның қолына ұстаған сөмкесінде бөлек-бөлек 10 (он) кішкене қалталарға бөлініп салынған, жалпы салмағы 10 кг 070 грамм 42  өте ірі мөлшерде героин есірткі заты табылды.

         Сот отырысында Қырғыз Республикасының тумасы оған тағылған айыпты мойындамай, сөмкені оған оның көршісі бергендігін айтты. Ол көрші оған Қазақстанға сонымен бірге барып оның тәтесінің үйін жөндеуге шақырған. Сөйтіп, екеуі шекараны заңсыз өткеннен кейін, көршісі оны бір машинаға отырғызып «сен бара бер, менің жұмыстарым бар, артыңнан барамын» деп жіберген.

         Ол «көлік қай жерлермен өткенін білмеймін, себебі жолды қысқарту үшін мен көршім берген бір шөлмек арақты ішіп, арасында ұйықтап келдім, есімде тек жазық дала жер» деп сотта айтты. Бір кезде көлік тоқтап, жүргізуші оған багажниктен сөмкені алып беріп, қолымен баратын жерін сілтеп көрсетті. Сосын ол келе жатқан кезінде оны полиция қызметкерлері ұстады деді. «Сөмке менікі емес, жүргізуші багажниктен сөмкені берген кезде ол көршімдікі шығар деп ойлап алып кете бердім» деп айтты.

         Сөйтіп, сотта кінәсін мойындамай, сөмкеге ешқандай қатысым жоқ деді.

         Алайда, оның кінәсі тергеу кезінде жүргізілген сараптама қорытындыларымен толық дәлелденеді. Оның саусақтарының іздері есірткі заттар салынған қалташалар мен оларды ораған матада және есірткі заттар оралған скотчта қалған. Одан басқа, арнайы үйретілген қызметтік иттерде оның сөмкедегі заттарға қатысы бар екендігін дәлелдеп берген.

         Сот қырғыз елінің азаматын өте ірі мөлшерде есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтаған үшін кінәлі деп танып оны мүлкін тәркілей отырып 11 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колонияда өтеуді белгіледі.

         Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қызылора облысының қылмыстық істер

 жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

 сотының баспасөз қызметі