Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында сотталушы Д-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық терiс қылық нысанындағы  қылмыстық құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс-құжаттарына сәйкес, полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында азамат Д-ны тоқтатып, куәгерлердің қатысуымен жеке қарау кезінде, оның үстіне киген кеудешесінің сол жақ сыртқы қалтасынан қағаз қиындысына оралған салмағы 1,36 грамм есірткі заты алынған, яғни ол кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.

Сот үкімімен сотталушы Д. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.Сотталушыдан мемлекет пайдасына 46541 теңге сот шығындары өндірілді.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі