Қылмыстық сотта семинар-тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Төрелік ақпараттық-талдау жүйесі арқылы атқару парақтарын электронды түрде жасау және жолдау» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингте атқару парағын қалыптастыруды меңгеруге қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Бас маман сот отырысының хатшысы Г.Сайджаппарова сот қызметкерлеріне ақпараттық жүйесіндегі қылмыстық істер бойынша электронды түрде атқару парағын дұрыс және толық толтыру тәртібін түсіндірді.

Сот мамандары жоғарыда аталған жүйені жетілдіру процесінің мәнін терең ұғынып, оны қолдану тәртібін  жұмыс жасау барысында пысықтады.

Семинар-тренинг жұмысын қорытындылап, сот төрағасының міндетін атқарушы А.Сабыров атқару парақтарын Нұсқаулыққа сәйкес толтырып, уақытылы жолдауды және оның тіркелуін, орындауын қадағалап отыруды тапсырды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі