Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Тұрғындарды осы соттың төраға міндетін атқарушы судья Сабыров Асхат Аббасұлы қабылдады.

 Шараның басты мақсаты жұртшылыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру болып табылады.

«Ашық есік күніне» келген қала тұрғындары қылмыстық процесте азаматтық талапты қою жөнінде және заңсыз тыйымға қойылған мүлікті қайтарып алу тәртібі бойынша сұрақтар қойды.

Төраға міндетін атқарушы А.Сабыров тарапынан аталған сұрақтарға заң талаптарына сай, толыққанды жауаптар қайтарылды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі