Қылмыстық іс-әрекет жасағаны үшін кінәлі деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бұған дейін сотталушы Д. Қазалы аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған болатын.

Алайда, сотталушы Д. көлік жүргізу құқығынан айырылғанын біле тұра, алкогольдік масаң күйінде көлік жүргізу барысында Әйтеке би кенті Бекарыстан би көшесінде АІІБ қызметкерлеріне ұсталған.

Соттың үкімімен сотталушы Д. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік құралын басқару құғынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 56 725 теңге айыппұл салу жазасына кесілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі