Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігімен  айыпталған Т.Е-ге қатысты қылмыстық ісі қаралды.2014 жылдың қантар айының 14-нен 15-не қараған түні сағат 01.30 шамасында, азамат Е. бөтен мүлікті тұрғын үй ауласында орналасқан қоймаға заңсыз кіріп, жасырын ұрлау мақсатында, айналада бөгде адамдардың жоқтыгын пайдаланып, Жосалы кенті, Қоблан батыр көшесі №62 үй тұрғыны Б.А-ның тұрғылықты үйінің ауласында орналасқан қорасының ішіне заңсыз кіріп, құны 200 000 теңге тұратын 7 жасар, мандайдағы ағы бар қызыл түсті сиырының мүйізіне пресс жіппен байлап, өзімен бірге жетектеп алып, жасырын ұрлап, жәбірленуші Б.А-ға 200 000 теңге шығын келтіріп, оқиға болған жерден бой тасалаған.

 Т.Е. бөтен мүлікті тұрғын үй ауласында орналасқан қоймаға заңсыз кіріп, жасырын ұрлап ұрлық жасаған.

 Аудандық соттың 06 ақпан 2014 жылғы қаулысымен Т.Е-ге жәбірленушімен медиация тәртiбiмен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

 

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі