Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлы жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты және шара барысында судья Д.Мұратбекұлы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен қаралған К-ның қылмыстық теріс қылық туралы ісі бойынша мәлімет берді.

Іс құжаттарына сәйкес, полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс шараларын жүргізу барысында, «Қазалы-Арал теңізі» стансаларының аралығында, «Алматы-Атырау» бағытына қатынайтын жолаушылар поездының вагонында азамат К-ның орнынан ішінде жасыл түсті, өзіне тән ерекше исі бар 9 целлофан пакеттер салынған қара түсті пакет табылып алынған, яғни ол жалпы салмағы – 87,31 гр.болатын ірі мөлшердегі «кептірілген марихуана» есірткі затын, өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.

Сот үкімімен, сотталушы К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 68 070 теңге мөлшерінде айыппұлға жазаланды.

Брифинг соңында БАҚ өкілдері қылмыстық іс бойынша сауалдар қойылды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі