Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының судьясы Қ.Бержанов БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 3 айында сот өндірісіне түсіп қаралған қылмыстық істер бойынша брифинг өткізді.

Шара барысында судья Қ.Бержанов жыл басынан бері сот өндірісіне 23 адамға қатысты 7 қылмыстық іс түскенін атап өтіп, оның ішінде кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарға баса назар аударды.

Сол істердің біреуіне тоқталып өтсек, кәмелетке толмаған сотталушы Б. жәбірленуші М-ның өзара келіспеушіліктерін шешу мақсатында онымен кездесіп, сөзге келісіп қалған. Соның салдарынан сотталушы Б. өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында, өзінің пышағымен қаруланып жәбірленуші М-ның сол жақ санынан бір рет ұрған. Осыдан соң, кәмелетке толмаған сотталушы Б. өз қылмыстық ниетін әрі қарай жалғастырып, өзінің пышағымен жәбірленуші М-ның іш қуысынан бір рет ұрып, денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының үкімімен кәмелетке толмаған сотталушы Б. ҚР-ның ҚК-нің 106-бабының 2-бөлігінің 7-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айырылды.    

Брифинг соңында судья Қ.Бержанов БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының баспасөз қызметі