Құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында азаматша И-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, И. осыған дейін кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуына жол бергені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға бола тұра, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап осы әрекетті жасаған.

Сот отырысында кәмелетке толмағанның заңды өкілі И. өз кінәсін мойындап, кәмелетке толмаған баласы Б-ның түнгі сағат 00.50 шамасында Шиелі кенті С.Сейфуллин көшесінің бойында заңды өкілсіз, яғни ата-анасының қарауынсыз жүргені полиция қызметкерлері тарапынан анықталғанын, бұрын дәл осындай құқық бұзушылығы үшін ескерту берілгенін, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын, материалдық жағдайын ескеріп айыппұлды төмендетуді сұрады.

Сот кәмелетке толмағанның заңды өкілі И-ді Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 15 АЕК көлемінде айыппұл жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі